1 наурызда колледжде Индустриялық кеңестің отырысы өтті. Кеңес құрамына өңір экономикасы салаларының жетекші мамандары кірді - Яборов Н.Д. – «СТО Джип» ЖШС директоры, Курумбаев С.С. – қалалық электр желілері басқармасының бас инженері, Бородин Ю.Н. – «БИ ЭЛЕКТРО» директоры, Бережной С.А. – «Бережной С.А.» ФШ басшысы, Шевелев Е.В. – «Петропавл Кондитер» ЖШС директоры, Курков Н.Н. – «ВиВаГа-Лада» ЖШС техникалық директоры, Целых М.И. – «СКРЭК» АҚ бас инженердің орынбасары және білім және ғылым өкілдері: Савинкин В.В.-кафедра меңгерушісі, "Көлік және машина жасау" кафедраның доценті, техникалық ғылымының докторы, Данилов Ю.А.- СҚКПК директор орынбасары, Козяйчев С.М.- ақпараттық технологиялар жөніндегі директор орынбасары.
Индустриялық кеңес «Жас маман» жобасы бойынша колледждің даму перспективалары мен колледжді заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселелерін қарады, оқу процесіне «ертеңгі күн» технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар берілді.